Бүгінде өз тыңдармандарын, тіпті табынушыларын, өнерін бағалаушыларды топтастырып үлгерген жас та талантты әнші Зируза Ана жүрегі фильмінің саундтрегін жазды. Қарапайым әнге бейнебаян түсіруге қарағанда фильм саундтрегін жазып, бейнебаянына фильмнен үзінділер қосса, сол халыққа көбірек өтімді болып тұр. Әрі алдын ала шығатын бейнебаян арқылы елдің киноға деген қызығушылығын оятуды да мақсат тұтса керек.