Yenlik - BIPL. prod. by DLN (Mood Video)

Самал ескен 
түскі тапа-тал кез.
Бар ма айыбың,
білмей тұрма, сұрай бер.

Нақты сұрақ келгенде,
басты ұстап.
Қаларсың, дәл қазіргі осы сәт
Бүгіннен басталад(ы).

Бипл-ай, 
Тартшы құрбым бір күй-ай. 

Таңнан ісің бар ма сол,
бастасаң бітпейтін.
Күйлерің қайда қалды сол бір күн
Тас-тасқа соғылып,
Өткенге налып,
Айтарың толып,
Күз болды күйің.

Адастым дегенмен
Аурумын дей берме
Өмір ол
Оюмен өрілген ол үй біл
Асығың сол бір,
Бүк түссе мол бір
Ренжімен сен, сен досым
Ол күйді сөндір.

Бипл-ай, 
Тартшы құрбым бір күй-ай. 

Алуан, алуан адам бар ей қыз,
Алдар, алдар алданба!
Бипл-ай!
Бұйырмаса 
болмайтын нәрсе болмайды.
Ұрдым да қол қойдым,
Енді
Ұрдым да қол қойдым,
Болмайды не болса да сол,
Болса да мен болмаймын ол.