Мейлі қуаныш
Мейлі қайғы
Біздің сезімді тағдыр әлі көп сынайды
Қолыма қонсаң
Қорғаным болсаң
Сезім шыдайды да
Сынаққа да сынбайды
Соған сенем
Саған сенем
Жақсы көрем
Жақсы көрем
Кездесеріңді қалайда білгенмін
Жақсы көрем
Жақсы көрем
Өзіңсіз қалай мен жалғыз өзім жүргенмін
Әперемін айды
Оңай болмайды
Қолымнан бәрі келер
Сен болсаң қолдайтын
Қарсы келмеймін еш
Ол да оңай емес
Артыңнан табылармын
Сен тұрсаң қорғайтын
Соған сенем
Саған сенем
Жақсы көрем
Жақсы көрем