Әннің де естісі бар, есері бар дегендей адамның көңіл-күйіне байланысты көптеген әуендер шығып жатқаны белгілі. Бүгін құлағыңызға түрпідей тиіп, тыңдағыңыз келмеген ән, ертең сіздің басыңыздағы жағдаймен сәйкес келіп қайта-қайта тыңдай бергіңіз келмесіне кім кепіл? Сондай керемет әндердің бірі The Kitchen Songs-тың Айналайын атты жаңа туындысы. Мамандардың айтуы бойынша, әдетте мұндай әуендер қыздардың ұйықтар алдындағы сүйіп тыңдайтын стиліне жатады екен. Ырғағы баяу, тыныштық сыйлап, өз-өзіңізді қалыпқа келтіруге таптырмас ән.