Мен не істеймін.
Бұйырғаны осы ма?
Қаламадым іштей.
Сонда да ұқсаттым құсыма.
Бұл ең жаман түстей
Өзім-өзімді қинап.
Айтқым келген сөздер
Қалды тіл ұшында.
Болдық екеуіміз ойға жем,
Өзгелерден қай жеріміз кем.
Кімнен қате, кімнен жақсы.
Кінә болмайды біреуден.
Қайырмасы
Қайтеміз
Бәрібір-бәрібір біз қалағандай болмайды.
Бұл өмір.
Мына теңіз.
Күні-түні үзіліссіз шулайды.
Желі өткір.
Енді не істеймін?
Басқа жанға қалай ұсынам.
Есіміңді естимін.
Жүрегімнің соғысынан.
Енді гүл өспейді.
Бұл бораған қыста.
Оның ешкім еріте алмас.
Айналған соң мұзға.
Болдық екеуіміз ойға жем,
Өзгелерден қай жеріміз кем.
Кімнен қате, кімнен жақсы.
Кінә болмайды біреуден.
Қайырмасы
Қайтеміз
Бәрібір-бәрібір біз қалағандай болмайды.
Бұл өмір.
Мына теңіз.
Күні-түні үзіліссіз шулайды.
Желі өткір.