TARKAN - Öp

Соңғы уақытта инстаграм әлеуметтік желісі арқылы хит болып үлгерген түркиялық әнші Тарканның "Öp" атты әні осыдан біраз жыл бұрын шыққан екен. Осы уақытқа дейін көптің естімеген әнін, өзінің қас қимылдататын керемет қылығымен жеткізе білген Мұстафа есімді жігіт бүгінгі күнде түрік жұртшылығы үшін басты назарда. Тіпті осы бір қысқа ғана қайырманың арқасында танымалдыққа ие болған жігітке киноға түсуге де ұсыныс түскен екен. Әуені бірден елітетін әнді желіден жарыса іздеп, шамалары келгенше видео түсірген жастардың санында есеп жоқ. Сары майдай сақталып, уақыты келгенде бірден су бетіне қалқып шығып хит болған, қас қимылдатпаса да, өзінің әсем биімен ерекшеленетін Тарканның клиіпін назарларыңызға ұсынамыз.