Sanzhar - Үздіксіз күткенім

Әні: Ilhan Ihsan
Сөзі: Sanzhar Zhumassitov

Махаббатқа мүлде бір сенбей жүргенде
Сен келгенсің
Сен келгенсің
Түсіндірдің өзіңнен өзге ешкімнің тең келмесін тең келмесін
Жүрегім сенің үйің , кілті тек біреу-ақ
Ешкімді кіргізбей , орналас бір өзің-ақ.

қайырма :
Үздіксіз күткенім
Менің оттегім
Сәлем деп басталғаннан
Жаным деумен біткенім
Жылы мекенім
Сүйікті етемін
Ғашықтар әлеміне
Алып кетемін
Үздіксіз күткенім
Менің оттегім
Көктемгі қызғалдақтай
Өміріме көктедің
Маған керегі
Сенем дегенің
Бол менің жүрегіме
Мәңгі леп белгім

Үй жағыңнан өтемін , 13 қабат
Сені көрсем көңілім тынышталады
Жаңбыр асты серуендеп қайтайық
Қолшатырды қолымызға ұстап алып
Шаштарыңнан жаңбыр суы тамып тұр
Көздеріңнен бояуларың ағып тұр.
Мен тамсанып, көзімді ала алмай қарап тұрмын
Мөлдір көзің және Сүмбіл шашың
Күлкіңнен тым тәтті айналайын.



Бөлісу: