RaiM - Шер

Енді қытайдың лапшасын емес қазір досым

Тоярлықтай тамақтанамыз тиын қосып.

Қалайтын ісіміз қазір құштарлы жұмысымыз

«Режим» өзімізде, қалаған уақытта боссың.

 

Брат қарашы, толған қанша статуэтка.

Біздің еңбекті бағалап тарту етті.

Соңына дейін кейбірі қалды, кейбірі кетті

Қазір көшеміз жарық болып еді «гетто».

 

Этно репті түсіндірдік ақыры,

Қазір ғана қозғап жатыр сенен қалған тақырып.

Өзгермедік, қалдық өз ойымызда

Қызықтырып көзімізді тұрсын қанша шақырып.

 

Мама, үйреніп кетесіз ауасына қаланың

Мен үшін парыз сіз үшін сыйлығы балаңның

Әрине, сіздерге ұнайды ауасы даланың

Болғанын қалаймын ел қатарлы ата-анамның.

 

Сіздердің бөлмелеріңіз кіргенде сол жақта

Жылынады өзі қағазбен отын жақпай.

Тасымайсыз мама суды қойып ошаққа

Өзі ағады жылы су бұрасаңыз оң жаққа.

 

Шабытым саған менен мәңгі үлкен алғыс.

Жайғасып отыратын жаныма қалғанда жалғыз.

Ұмытшақ Раймға естеліктерді айтып беріп

Әрдайым сол сәттерді есіне салғыз.

 

Студия мен екі араны, шектеу мен шекараны

Құштарлықты қарамаған жолына ауыл мен қаланың.

Жусан иісі даланың, 17-ші жыл шамамен,

Алғашқы шығарылым альбомы қара баланың.

 

Есіме сал шабытым, 18-дің уақытын,

Шыққан кезімді махаббат шыңына бақыттың.

Қанша жүрекке атса да тесе алмады оқ теріні

Себебі сен шабытым сыйладың оттегіні.

 

Тек қана шүкіршілік нұрына таңның

Мәні бар өмірімде әр қадамның

Әнімен жарық берген менде бір жанмын

Сөнбесін жүрегімде жарығы шамның.

 

Аңсадым жоғарыны, аңсадым биіктерді

Ойлаған арманымды алдыма үйіп берді.

Биіктік ол - жақындарың ең әуелі

Есейді Райм, есейді Раймның әуені.

 

Қаншама еңбек, қаншама тер

Кейде аспан, кейде жер.

Кейде айға, кейде жұлдызға

Есіме алып бәрін тарқатамын шер.



Бөлісу: