RaiM – Ауылымды сағындым

"Самая вышка" әнімен танылып, "Дискотека из 90" әнімен аты әлемді шарлап кеткен Артурдың сыңары Райымбек Бақтыгереев (Raim) өзінің жеке әні мен клипін ата-анасына, ауылдағы бауырларына арнайды. Қаладағы мансабы жоғарылаған ауыл баласының бәрін тастап, ауылына оралатын шағын, сағынышын көрсететін бейнебаянды тамашалағандар өзі де ауылын сағынып жүрсе, еріксіз көзіне жас үйіреді...