Ochooou - Бомба

Музыка қашан да адамның жан дүниесін емдеп, көңілді болуға да, терең ойға батуға да әсер етеді. Жүректі дір еткізетін әндердің әрбір сөзі есіңізде ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ескінің ескегін ескен Ақан мен Біржан сынды керемет сал-серілердің және Шәмшінің әндері әлі күнге дейін шырқалып, халықты жалықтырмай келеді. Дәл сондай көпшіліктен көші ілгері қазіргі дәуірдің әншілері де өздерінің бір әні болса да тарих бетінде қалғанын қалайды. Осы әнім болашақ ұрпаққа мұра ретінде сақталады деп ешбірі айта алмайды. Бәріне уақыт емші.

Өзінің көңілді әндерін халыққа паш етуге құмар "Ochooou" тағы бір қызықты бейнебаян түсірді. "Бомба" деп аталатын әннің қандай жағдай болса да тағдырдың сынына төзе білу керектігін жырлайды. Ауруханада болған көріністе "Ochooou" лақап атымен таныс болған әнші басты рөлді өзі сомдайды.