Mysterions & Арай тобы - Қарағым-ай

"Mysterions" пен "Арай" тобы бірігіп шығарған "Қарағым-ай" атты бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз. Клиптің негізгі сюжеті "баскесер" жігіт әрекеттеріне құрылған. Адам өлтіріп, қылмыс жасаудан қаймықпайтын жігіттің соңғы тапсырысы сұлу қызды мерт ету болады. Бірақ басты кейіпкер аруға қол жұмсауға дәрмені жетпейді. Бейнеклипті көру арқылы қанша қандықол қарақшы болса да әрбір адамның жүрегінде махаббат бар екеніне көз жеткізуге болады.