Munisa Rizayeva - Man bop
Бір кездері өзбек киносынан бас алмай, көк жәшікпен дос болып, кей жерлерінде көз жастарын сығып алатын жандардың қатары көп еді. Кейіннен үнді, түріктің телесериалдары отандық арналардан тарала бастағанда, өзбек киносы бірте-бірте ысырылып қалып қойды. Сол уақытта түрлі сезімге бөлейтін өзбек киноларының әрбір сценарийі үлкен мағынамен түсірілетіні белгілі болды. Олардың мұқияттылығы мен көрермен қауымға тың дүние сыйлаудағы басты мақсаттары өз жемісін беріп те жүр. Сол секілді клиптеріне де үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әннің әуені мен сөздеріне қарай сценарийді ойната білетін білікті мамандарға талайдың алғыс жаудыратыны анық. Сондай керемет клиптің бірі – Муниса Ризаеванікі. "Man bop" (Мен боп) деп аталатын клип көңілді әрі ой саларлық дүниелермен толыққаны көрініп тұр. Жастайынын Парижді көруді армандаған жұбайларға балаларының ер жетіп, армандарын орындап бергені үлкен бір қуаныш сыйлайды.