Moldanazar - Өзің ғана
Ғалымжан Молданазардың тыңдарманға ұнамаған әні кем де кем, тіпті, жоқ десе де болады. Ол туындыларға түсірілген бейнебаяндар да бірінен бірі асып түседі. Бәрі сапалы, бәрі әнмен әдемі үйлесім тапқан. Әнші жігіттің кезекті бейнебаянын жанкүйерлер ұзақ күтті. Малик Зенгер режиссерлік еткен туынды бірнеше күн бұрын көрермен назарына ұсынылып, бүгінде әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Сіздер де "Өзің ғана" деп аталатын әннің бейнебаянын көріп, өз бағалырыңызды беріңіздер.