Синти-поп жанрын елімізде қайтадан жалғастырған Ғалымжан Молданазардың Мейірімді бол атты тың туындысы жарыққа шықты. Америкадағы қазақ балаларының өмірлерін көз алдымызға көрсеткен көріністері жүректі елжіретіп жібереді. Адами қасиеттен ада болып бара жатқан ұрпақтың санасына мейірімділік пен қайырымдылықты ұғындыру мақсатында шырқалған ән мен керемет бейнелер көрерменнің жақсы пікірлеріне ие болуда. Ерекшелік пен креативті жаны сүйетін әнші өзінің керемет дарынының арқасында шығармашылығын шет елде де шыңдап жүр. Сонымен Ғалымжан Молданазардың көңілге медеу сыйлар дүниесін тамашалаңыздар.