Moldanazar & Break of Reality - Ақпен бірге

Тереземнің қырауы
Бәсең еріп барады,
Күннің нұры сәулесі
Дәлізден түсіп тарады.
 
Кеудем жылып әрең,
Қаным жүріп сәлден
Сезіндім тұла бойды.
 
Жаным тәтті неткен,
Өмір ақпен көркем
Қара алдап сулайды.
 
Сеніп үміт үзбей,
Күдерсіз жол іздей
Ақпен бірге болуға...
 
Тәтті сөздер бояусыз,
Әрбір ісім орынсыз.
Өткен кеткен сұраусыз
Бірі де қалмас жауапсыз
 
Кеудем жылып әрең,
Қаным жүріп сәлден
Сезіндім тұла бойды
 
Жаным тәтті неткен,
Өмір ақпен көркем
Қара алдап сулайды.
 
Сеніп, үміт үзбей
Күдерсіз жол іздей
Ақпен бірге болуға