Melomen – Айып етпе

Жаңбыр төкті, жаныммен жылап,
Тұрмыз біздер кете алмай жырақ.
Сепкім келеді жаныңа шуақ,
Бірақ, бірақ махаббат сынақ.
Жүрегіңде сақта,
Үміт отын жақпа.
Онсыздағы жаным от
Көздің жасы мен үшін кешір.
Сүйгендер қосылмай,
Біздің сынақ осындай.

Қайырмасы

Ойлап мені уайым сен шекпе,
Өз бағыңа қарай бетте.
Тек жүрегімнен сен кетпе,  
Сен кетпе, сен кетпе.
Мендік сезім алау,
Сендік сезім жаңбыр, жаңбыр.
Жаныма кел, кетпе!

Жаңбыр төкті тағы да жылап,
Тұрмыз біздер кете алмай жырақ.
Сепкім келеді жаныңа шуақ,
Бірақ, бірақ махаббат сынақ.
Бұл бақытты шақты,
Еске аламыз тәтті.
Қалардайын елес боп,
Көзге басқан шақты.
Мүлде жол жоқ.
Сүйіп өту қосылмай,
Біздің бақыт осындай.



Бөлісу: