Естігім кеп үніңді,
Қолға алдым телефонды.
Айтқым келді шынымды,
Күткім келмей келер жолыңды.
Даусың қандай сүйкімді,
Ұмыттырды айтар сөзімді.
Естігенде күлкіңді,
Сағынғаным тағы сезілді.
(Қайырмасы)
Алло!
Сөйлеші, тоқтамай,
Сырыңды жасырмай,
Сағыныш басылардай.
Алло!
Куә боп жарық ай,
Бақыттан арылмай,
Жүрегім жарылғандай.
Еркелеген үніңмен,
Айттым сөзі "I love you" деген
Сүйіп қалдым шынымен,
Осы сөзді айтамын дегем.
Терген сайын әр санды,
Нөмерінді жаттап аламын,
Сиқырлы үнге тамсандым,
Сөйлей алмай тоқтап қаламын.