Marhaba Sabi - Жүректің жұлым еті

Майырылған қанаты жол жиектен құс көрдім
Тағдырына демейтін неге мұндай іс қылдың?
Көріп жүрек езіліп, өте алмадым елемей,
Қайғы ғой деп бір тал құс жолда қалса еленбей.

Жаралы екен жаны оның
Мұңлы екен әні де
Қайрылса да қанаты
Сынбаса екен сағы оның

Жаралы екен жаны оның
Қиын тағдыр жолы да
Құс емес ау көргенім
Көрдім адам тағдырын.

Қолыма алдым мәпелеп байлап сынған қанатын,
Қуанды ма білмедім жан бар деп мені ұғатын
Жазылғасын жарасы көз алдымнан ғайып боп
Ұшып кетті бәлкім ол іздеп жердің жәннатын



Бөлісу: