Marhaba Sabi – Mi, Qi

Үй, неғып жатсың жастығыңды қолданбай?
Үй, неғып жатсың маңдитынды ойланбай?
Үй, жүргенің бе жайбарақат жайқалып,
Үй, кетіп жүрмесін ми қиға айналып.

Миың қиға айналып,
Миың қиға айналып.

Бұл өмірге ұсақ-түйек теру үшін келмеп едік қой,
Ірі едік қой.
Биік-биік армандарға жету үшін терлеп едік қой.
Өрлеп едік қой.
Бала қиял соғынан біз алып-ұшып ерген едік қой.
Сенген едік қой.
Арымызға талай жақсы уәделерді берген едік қой.
Сөнбеп едік қой.

Үй, қайда кеттің уәделерің серіліп,
Үй, неғып жатсың енді езіліп, ерініп.
Үй, жүргеніңді болмашыға байланып,
Үй, кетіп жүрмесін ми қиға айналып.

Миың қиға айналып,
Миың қиға айналып.

Ыстық-суық, ащысы бар – біраз күйден өткен едік қой.
Өшпеп едік қой.
Қиналсақ та еңсе түсіп, қирап, қурап кетпеп едік қой.
Бекем едік қой.
Мұндай болам, сен ше қандай боласың деп қоймап едік қой.
Ойлап едік қой.
Жақсылардан қанат алып, қуаттанып, жанған едік қой,
Самғап едік қой.

Үй, қайда кеттің уәделерің серіліп,
Үй, неғып жатсың енді езіліп, ерініп.
Үй, жүргеніңді болмашыға байланып,
Үй, кетіп жүрмесін ми қиға айналып.

Миың қиға айналып,
Миың қиға айналып.

Үй, неғып жатсың жастығыңды қолданбай?
Үй, неғып жатсың маңдитынды ойланбай?
Үй, жүргенің бе жайбарақат жайқалып,
Үй, кетіп жүрмесін ми қиға айналып.

Миың қиға айналып,
Миың қиға айналып.



Бөлісу: