Marhaba Sabi & Kyle Ruh - Bari esimde
Әні, сөзі: Мархаба Сәби, Сәкен Мұсағалиев
Sound: Iliyas Toleu
Cурет: Дархан Бегдатұлы
Есіңде ма?
Жаймашуақ, жайлы күндеріміз
Уайымсыз, алаңсыз түндеріміз
Ертеңге риясыз сенгеніміз
Есіңде ма?
Алғаш үлкен қала келгеніміз
Тұмансыз, жарық түн кезгеніміз
Еш түңілмейміз деп сөз бергеніміз
Бәрі есімде
Бәрі есімде
Бәрі есімде
Қалай ұмытайын!
Көреріме көнерім көнбейді
Сөнеріме сенерім сөйлейді
Күлеріме білерім жібермей
Жүрегімнен ән жұлып беремін.
Алдамшы еді ол кездер, білемін
Кезең алды өзіне керегін
Жылдар салған жаралар жарылды
Енді емделеміз деп сенемін!