Made in KZ: әлемдік хит әуендер

Made in KZ – Қазақстандық брендтке айналған, әлемдік әуендер мен ұлттық әуездерді үйлестіріп жүрген топ. Топтың басты мақсаты қазақтың қос ішекті домбырасымен әлемдік хит әуендерді, музыкаларды, симфониялар мен классикалық әуездерді қазақы қоңыр әуенге идіру. Осы арқылы әлемге домбыраның үнін жеткізіп, елдің мерейін таныту. Тек домбыра емес, аталған топ әндерді де нақышына келтіре отырып орындап, өздерінің ерекше өнерлерімен халық назарына ілініп үлгерді.