MOLDANAZAR & ИРИНА КАЙРАТОВНА - Bata
Әр таңым атқан мереке
Жақындарым аман ол бір береке
Сынайды өмір бізді қатты кейде
Бірақ мен жеңілмеймін
Үстімнен жай түссе де
Үй қызы жалғасы адамның
Мейірімін көрсінші әке-ананың
Тілеуін қабыл етіп аталардың
Жаратқан қолда
Мәні махаббатта
Қәуіп зұлымдықта
Сеніп сақта
Бақыт адалдықта
Өмірдің сәні, мәні – махаббатта
Қәуіп зұлымдықта
Сеніп сақта
Бақыт адалдықта
Өмірдің білем сәні
Сынғырлап сәби күлкісі
Белес береді үлкендер үлгісі
Сйласып әлем бір-бірін құрметтеп
Арманым сол ғана
Айтарым менің осы
Тағдырмен бақталасып
Құдайдың алдында ақталасың
Айта беретін жақ талады
Айтшы неңменен мақтанасың
Менің өмірімнің астанасы
Қасыңдағы дос қас болмасын
Ұрлап ішкен тамақ ас болмасын
Арам ойлы бас бізге бас болмасын
Әумин