Елім деп ән шырқап, ұлтыңды ұлықтау қандай ғанибет, шіркін. Әрбір адам өзінің ұлтын сүйіп, оның салт-дәстүрін, ділін, дінін, тілін ардақтаса, онда ол елдің бірлігі берік, шаңырағы биік болары даусыз. Болар елдің баласы, бірін бірі батыр дер дегендейәрқашан татулықты жоғары қойған айбынды қазақ ұрпағы ғұмырлы болғай. Жүректің ішіндегі осы бір менің елім деген титтей махаббатты ояту үшін талай жан ән шырқап, ерлік жасап жүргені белгілі. Осындай рухыңды көтеретін әнді бүгін JS тобы шырқаған екен. Қазақстанымды қасқайып тұрып айтқан жігіттердің жұмысымен таныс болыңыздар.