Жанарың жасқа толды
Қайғымды қайда қоям
Кеттің сен көп жыл болды
Сағынып мен мұңаям
Айрылдым үмітімнен,
Жалғыз боп журемін бе,
Келер деп көп күттім мен
Жаралы жүрегіммен....
Әніммен мұңымды айтсам
Тебіреніп толғанамын
Іздеймін сені қайдан
Адасып жолда қалдым
Жоғалтқан бір сыңарын
Зарланған аққудаймын
Тек өзің бар құмарым
Басқаны жақтыртпаймын
Айрылдым үмітімнен,
Жалғыз боп журемін бе,
Келер деп көп күттім мен
Жаралы жүрегіммен....