Кейде қаумалаған адамдар арасында жүрсек те жалғыздықты сезінетін кездер болады. Маңайыңдағы таныстарың да, достарың да сыртта қалып, өзге бір әлемге еніп кетесің. Сол уақытта барлығын саралап, опық жеген жерлеріңізге өкініп, қасыңыздан табылған жандар үшін аса қуанасыз. Көп жақының жасай алмаған титтей жақсылықты, кейде көшеден, болмаса басқа жерден кездескен жандар жасап жатқанын көргенде өміріңіздегі ең керемет адам сол жандай сезіледі. Мұның бәрін сөзбен айтып жеткізу қиын. Ал, дәл осы құбылысты бейнелеген бейнебаян көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, Family Band атты жұлдыздың орындауындағы Жалғыз емессің атты туындысын назарларыңызға ұсынамыз.