Family Band - Ғашықпын

"Х-фактор" жобасының қатысушысы Арман Камердинов жаңа бейнебаянын тыңдармандарымен бөлісті. "Family Band" деген лақап атпен шыққан жігіттің жаңа туындысын көрермен қауым жылы қабылдады. Гитараның әсем әуенін нақышына келтіріп тыңдата білген жігіттің көп еңбектенгені көрініп-ақ тұр. "Ғашықпын" деп қытай елінде қызықты клип түсірген жігіттің сценарийі адамды бірден баурап алары анық. Талантты жас әншілер қатарынан көрінуді мақсат тұтқан жігітке "жарайсың" дегіміз келеді.