Сен қыз – әдемісің,
Бір жігіттің әлемісің,
Ал сен қыз – жүз жігіттің әлегісің.
Сен қыз – қылықтысың,
Өз бағаңды біліп тұрсың,
Ал сен қыз – сүйіктіңе сүйіктісің.
Бозбала, асылыңдай бойжеткенді бағалай біл алтынға.
Қымбат алтынға.
Бір мықты қыз тұрады жолы болған әр жігіттің артында,
Нәзік қалпында.
Сен қыз – күлкілісің,
Ал сен қыз – біртүрлісің,
Жігітті менсінбейсің, түр-түрлісің,
Сен қыз – қызғаншақсың,
Неге қатты қызғаншақсың?
Сенің сыңарыңды қыздар қайтсін.