Bibo & Luina - Екі жүрек
Барлық махаббат бірдей баянды бола бермейді. Жүрекке қаяу түскенде тағдырдың жазуымен айырылысуға тура келетін сәттер де болып тұрады. Бар жанымен сүйген жандарға мұндай соққының жеңіл болмасы анық. Бүгінгі Bibo мен Луинаның орындауындағы "Екі жүрек" әні ғашықтықтың ауыр көрінісінен сыр шертеді. Серуендеп жүріп жүрек талмасынан опат болған жігіт сұлуының көз алдынан бір сәтке де кетпей қояды. Барлығын жаңаша бастағысы келген ару артынша өткеніне қайта-қайта орала береді. Жоғары сапамен түсірілген бейнебаянды тамашалаңыздар.