Ayumi - Сен емес пе?
Өзін тастап кеткен махаббатынан өш алу жігіттердің ғана емес қыздардың да бойына дари бастапты. Бұған дәлел "Ayumi" тобының "Сен емес пе?" атты жаңа туындысы. Сөз байласқан ғашығының көзіне шөп салып, өзге бір арулармен көңіл қосып жүрген серілерге тұсау салған әнші қыздар қинаудың жаңа тәсілдерін бейнебаяндарында көрсете білген. Қымбат көлік мініп, көрікті қыздарды қолына оңай қондыруды үйренген жігіттер бұдан кейін өздерінің бұрыс әрекеттерінен сәл де болса тыйылар. Сонымен Дастан Алдабектің режиссерлігімен түсірілген бейнебаянға кезек берейік.