Amre ft. Жанар Дугалова - Болды
Amre:
Қарап тұршы үнсіз маған
Артық сөзсіз сезгім келеді сені
Санамашы жақындаған
Мың жігіттің біреуі деп мені.
Zhanar:
Дауысың таныс
Оны бұрын түсімде естіп па едім?
Білмеймін.
Тек бір көріп сендім саған,
Дос болайық десең әзір алыс кетпеймін.
Қайырмасы:
Қанша құпияң бар ашылмаған,
Бұрын кіммен қайда қызық емес
Көзің, көзіңді ұғар
Қара маған,
Басқа ештеңе айтпа керек емес
Болды... Керек емес болды, болды...
Zhanar:
Таң әлі бізден алыста,
Тоқтамашы ритм, өшпе шамдар.
Қоштасардай колымды ұста,
Ойлай берсін ұят деп көрген жандар.
Amre:
Ұмытсаң да біздің кешті
Мына сөзімді мәнгі сақташы
Енді осы сәттен бастап,
Қолыңды менен басқаға бұлай ұстатпашы.
Қайырмасы