Amre ft. AYAN - Сен ғана

Сенің жүзіңнен жаным көзіңді алмаймын
Мен саған лайықтымын ба деп ойлаймын
Көркіңе тоймаймын сенің, сенің
Бұлданып ренжісең де маған ұнайсың
Еркелеп шынайы бір сезім сыйлайсың
Көңілімді жаулайсың менің, менің

Қайырмасы:
Шын сүйетін сені мен ғана, мен ғана, мен ғана
Түсінетін мені сен ғана, сен ғана, сен ғана
Жеткізер ем сені айға да, айға да, айға да
Жанымда болсаң жай ғана, жай ғана, жай ғана

Жаныма сарқылмайтын жылу бересің
Көзіме көрінгендей сұлу елесің
Ерекше бейнесің мінсіз, мінсіз
Жанымды даусыңменен сенің жұбаттым
Сағынып сүйемін деп саған тіл қаттым
Мен сені ұнаттым үнсіз

Қайырмасы:
Шын сүйетін сені мен ғана, мен ғана, мен ғана
Түсінетін мені сен ғана, сен ғана, сен ғана
Жеткізер ем сені айға да, айға да, айға да
Жанымда болсаң жай ғана, жай ғана, жай ғана