Кіршіксіз тап-таза жүрегім,
Жаңа өскен менде гүл едім-ай,
Талайлар жүрген кеп жолалмай.
Қасымнан орын таба алмай.
Емес еді оңай,
Ал сенің батыл ғой жүрегің,
Сүйгеніңді іздеумен жүр едің сен.
Орындалды ғой тілегің де,
Мен келдім сенің өміріңе
Жазғаны солай.
Айтылған сөз – атылған оқ.
Сені сүйем, күмәнім жоқ.
Енді мен саған сенемін.
Уәде бер енді қолымнан жібермеуге.
Қ-ы
Сені берген жауап қып тілегіме
Тәңірден сыйлығым
Мені жалғыз жүрмесін деп,
Мұңаймасын тек күлсін деп,
Сені маған сыйлаған.
Мені берген жауап қып тілегіңе
Тәңірден сыйлаған
Сені жалғыз жүрмесін деп,
Мұңаймасын тек күлсін деп,
Мені саған сыйлаған.
Жағымды күлкің-ай жайдарлы,
Мінезіңнен сенің айналдым-ай.
Сезінем қатты жылуыңдай
Көтеру менің қылығымды-ай
Емес еді оңай.
Байландым-ай
Өзіңдей жанды тең табалмай.
Тең келмейді тәтті сөздеріңе
Менің бұл көздерім
Көрмейді өзге жанды.
Сен…