Мен беремін керегіңді
Төгемін сезімнің ең әдемісін
Сенсің әнім жүрегімнің
Өмірімнің бар әлемімсің
Кел жаным сол
Бір зейін сал сөздеріме
Айтарым көп
Айтарым бар көздеріңе
Арада пайда болған жалынды
Шоқтары сезіміңді
Сағынғанда
Ашылып айтқым келеді бар сырларымды
Сенің ғана
Байлауға дайынмын қолыңа қолдарымды
Асығады зымырандай жүрегім өзіңе
Қасыңда болсам да асығамын
Көз ілгенде түсімде көремін
Асығамын зымырандай жүрегім өзіңе
Баяулайды бір өзіңмен бар уақытым
Көрдім көздеріңнен бұл әлемнің бар бақытын
Құшағыңа алсаң жай ғана
Бояу атылады айнала