AYBA - Жарыққа қарай

Айбек Байназаровтың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Өзінің жаңашыл идеясымен жұртшылық назарын аудара білген жігітті халық бұрыннан таниды. Әйгілі америкалық әнші Майкл Джексонға қатты ұқсайтын серінің бұған дейін де талай туындысы жарыққа шыққан болатын. Алайда, көптен бері көрермендер назарынан тасада қалып қойған әнші "Жарыққа қарай" атты тың туындысымен сахнаға қайта оралды. Клип сюжеті махаббат жолында тағдырдың сынағына төтеп беріп келе жатқан қос ғашық жайында. Сонымен Байназаровтың ғажап бейнебаянына назар аударыңыздар.