Сахнаға AYBA деген атпен шығып жүрген Айбек Байназаров Массагет порталына берген сұқбатында: Енді мені халық әнші ретінде танитын болады. Жалпы, әнші ретінде қабылдамаймын, әзіл-сықақтағы адам десе де бұл менің көңіліме тимейді. Себебі әркім өз талғамымен, өз парасат биігімен өлшейді ғой.Әндерімнің жанры музыкалық тілмен айтқанда фанк стилінде болмақ. Мұнда айым, күнім, жаным деп емес, жаңашыл, қызықты бір құбылыстарға, оқиғаға байланысты тақырыптар болады, - деген еді. Сол сөзінде тұрған ол өзінің кезекті туындысын жұртшылық назарына ұсынды. AYBA-ның Алдама деп аталатын әні де, оған түсірілген бейнебаяны да ерекше шыққан. Өздеріңіз көріп, бағаларыңызды беріңіздер.