ARShAT - Алматым

1) Қанша жанның ынтық қылған жүрегін,
Қанша жүрек әлі таппай жүр емін,
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматым.


Кәрі таулар тыныштығын күзеткен,
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен.
Талай талай бұзықтарды түзеткен
Тәкаппарлау Алматым.

Қ-сы:
Бірде теуіп,бірде тартар өзіне,
Бұл қаладан кете алмайсың безіне,
Күлдіріп ап жас толтырар көзіңе
Құбылмалы Алматым.

Байлап алар көрінбей-ақ, байқалмай,
Бір ауыз сөз қаласың-ау айта алмай,
Жүрегіңді тартып алар кайтармай
Ұмытылмас Алматым.

2) Қанша жанды адастырып тұрақтан,
Талай талай биіктерді құлатқан,
Талай талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолжаң Алматым

Өткізіп ап талай түрлі сынақтан,
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан,
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматым. 



Бөлісу: