NIYAZOVA - Мәңгі тоқтама

Адам бұл өмірге бір-ақ рет келгендіктен, өзіне берілген мүмкіндіктердің көп бөлігін пайдаланып қалуы керек. Ол тынбай тер төгіп, аянбай еңбек етуді талап етеді. Еңбекқор жандар әр белесті бағындырған сайын, білімі артып, көзқарасы өзгеріп, оданда биік шыңдарға талпынады. Мұның бәріне ең бірінші, әрине, білім керек. Дүниетанымы мықты адамның мақсаттары да өзіне пайдалы болары анық. Алға қарай құлшынысыңды арттырып, күш-жігеріңді бір қайрап алуға мүмкіндік беретін талай әңгімелер, кинолар, музыкалар бар. Тамаша актриса Айнұр Ниязова "Мәңгі тоқтама" атты жаңа бейнебаянын түсіріп, осындай еңбекқор жандардың әрдайым қозғалыста болуына пайдасын тигізу мақсатында жігерлі ән орындаған екен. Қазірдің өзінде клипті көрген жастардың басым бөлігі кереметтігін айтып, жақсы пікірлерімен Айнұр Ниязоваға алғыстарын айтуда.