Әй-керім Қалаубаева - Ақ арманым

Сұлулығына сымбаттылығы сай Әй-керім Қалаубаеваның әрбір бейнебаяны көрермен қауымды бірден баурап алады. Себебі көк жәшіктің ішіндегі ашық түстер адамға жақсы әсер қалдырады. Сол сияқты әншінің әндерінің де өзіндік стилі бар. Көбіне ерке қыздың рөлінде жүретін Әй-керім Қалаубаева жұртшылыққа тағы бір клипін тарту етті. "Ақ арманым" деп аталатын клип түрлі-түсті костюм киген жігіттердің бірдей қимылды биімен есте қалады. Назарларыңызда – қылықты қыздың қызықты клипі.