Әли Оқапов - Жаным сәлем

Таланты мен талғамы жоғары Әли Оқаповтың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Өзінің ырғақты әнімен керемет би қимылдарын үйлестіре білген әншінің бұл әніне таңырқай қарап, жақсы пікірін жазып жатқан жұртшылық жетерлік. Көктем мезгілінің әсем уақытында көңілді ән тыңдағанға не жетсін, шіркін. "Жаным, сәлем" деп аталатын бейнебаянның басты кейіпкері Әли Оқапов. Өзінің сүйіктісін би алаңында кездестірген жігіт, жекпе-жек билеп соңында тіл табысып кетеді.