Серік Ибрагимов - Қазақпыз бәріміз

Қазақ эстрадасында "Вокзалда қауышқан қызымен" танымал болған Серік Ибрагимов аз уақыт ішінде біраз еңбектенді. Көптеген ән шығарып, жаңа бейнебаяндарын халыққа паш етті. Креативке құштар жас әнші еліміздің әрбір өңірі тіліндегі диалектімен олардың кереметін әнге қосып "Қазақпыз бәріміз" деп, жаңа клиптің тұсауын кесті. "Әпше", "Не зат", "Құләқ" сөздері бір әнде қалай шырқалатынын тамашалаңыздар.