Айдана Меденова - Менімен биле

Жеке ән орындауға көшкен Айдана Меденованың жаңа клипі көрермен қауымға жол тартты. Клипті көрген жұртшылық жаңашыл идея мен әннің керемет екенін жарыса жазды. Әрине, пікір болған жерде жаманды-жақсылы көптеген ой айтылады. Кейбір жандарға жаңа клип Әли Оқаповтың шығармашылығындағы сценарийді елестетсе, енді біреулері әннің қайырмасын Кәмшат Жолдыбаеваның "Бірге" әніне ұқсатқан екен. Сонымен "Менімен биле" атты жаңа клип сізге қандай ой тудырмақ?