Нұрбек Іздiбай - Жан Ана

"Ананың көңілі  балада, баланың көңілі  далада" дегендей, қашанда қасымыздан табылып, сұрағанымызды тауып беруге құштар ананың еңбегі орасан зор емес пе. Баласы үшін барын аямай, оқытып, киіндіріп, адам болуға жетелейтін де осы ананың асыл сезімі. Мұндай жақсылықты ұмытпай, жадында сақтап, өскенде тек қуантып қана жүремін деген балалар аянбай еңбек етіп, анасының жанарынан сәл ғана жымиған күлкіні көргенде төбесі көкке жетеді. Кішкентайынан күйтабаққа қатты қызыққан ұлдың жолында қолындағы барын құрбан еткен ана есейгенде ұлының еңбегі еленіп жатқанына қуануын көріп бір жасап қалды. Нұрбек Іздiбайдың "Жан Ана", деп жаныңызға жылулық сыйлар бейнебаянын тамашалаңыздар.