Арман Жиеналиев - Көріктім

Қу жүрек кім деп соқса, соны ғана ойлап, барлық жанымен махаббатын жаулап алғысы келетін жігіттердің кей жағдайларда жалғыздықтан басқа досы болмайды. Сүйген қызының сезімі болмай, біраз күйзеліске түсіп оңашалықты жаны сүйетін болады. Өмірде одан да басқа арулар барын елемейтін ерлер, уақыт өте келе өз сүйгенін тауып, шаңырақ көтереді. Осындай аянышты махаббатты әуезді әнімен жеткізе білген Арман Жиеналиевтің "Көріктім" деген бейнебаянын көріңіздер.