Абай Әбішев - Көңіл көктем

Бала махаббат әр жанның жүрегінде мәңгілік сақталары сөзсіз. Көп жағдайда қос ғашықтың бір-біріне қосылу жібін қатал тағдыр қыршынынан қияды. Ал, қосылған жұптар өздерін бұл дүниедегі ең бақытты пенде санап өтеді.  Адам жан дүниесіндегі осы бір сетер сезім мен балалықта басталған махаббат соңына дейінгі кіршіксіз сақталып қалатынын талантты әнші Абай Әбішевтің "Көңіл көктем" атты жаңа бейнеклипінде керемет көрсетілген.