Бақай тобы - Өмір-ай

Эстрада сахнасында бір көрініп, биік белесті бағындырмаса да, өзіндік имидж қалыптастырып, қайтадан жоқ болып кеткен "Бақай" тобы жаңа құраммен өнер жолын қайта жалғастыруды ұйғарған екен. Қос жігіттің жасаған алғашқы жұмысы жоғары деңгейде десек қателеспейміз. "Өмір-ай" деп әндеткен жігіттердің клипі де ерекше сценарий бойынша түсірілген. Қалталы жігіт қамқорлық деген ұғымды елеусіз қалдырып, қыңыр мінезінен мүсәпір болғанда ғана басынан тайған бақтың қадірін түсінетінін көркемдеп жеткізген.