Jan'n'Soul - Ең асылым

Саяхаттау кезінде адамның бойы бір сергіп қалары анық. Алайда әрбір жан түрлі оқиғаға тап болуы ғажап емес. Кейбіреулердің ойында естен кетпес әсерлі естелік болып қалса, енді бір жанның тіпті есіне де алғысы келмейтіндей көңіл-күй сыйлайды. Дәл осындай мұңды көріністі "Jan'n'Soul" "Ең асылым" атты жаңа клипінде әсерлі әрі шынайы көрсете білген. Бөрімен бетпе-бет келген сұлу қасындағы серігін қорғау үшін жыртқыштан қаймықпай қарсы шыққанына тәнті боласың. Саяхат әсері өкінішпен аяқталған бейнебаянды көріп әр кез абай болуды жадыңызда ұстағайсыз.