Индира Еділбаева - Мұңайма

2014 жылы "Қазақстан дауысы" жобасының финалисі Индира Еділбаева өзінің жаңа бейнебаянын көпшілік қауымға тарту етті. Әннің ырғағы көпке танымал Әли Оқаповтың стильіне келетін әрі жаңа технологияны пайдаланып, қытай елінде түсірген жас әншінің "Мұңайма" атты жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.