Маржан Арапбаева & Z Триосы - Армиямыз айбынды

Әскер шебіне барып, Отан алдындағы борышын өтеу, әрбір азаматтың парызы. Сонда ғана елдің іргетасы берік болып, жауға қарсы төтеп беріп, төнген қауіпті сейілтуге мүмкіндік туады. Мұндай жігіттерге қуатты әндер де жігер беріп, намыстарының қайралуына өз септігін тигізеді. Елімізге танымал Маржан Арапбаева мен "Z" триосы қосылып "Армиямыз айбынды" атты рухты көтеретін керемет бейнебаяндарын жарыққа шығарды. Жігерлі әннің қалай орындалғанын көріп, өз ойыңызды білдіре отырыңыз.