Ұшқын Жамалбек & Олжас Абай - Әулет

Әулет - әкеден балаға мирас болып келе жатқан бір үйдің қара шаңырағы. Бұл мекенде отбасы мүшелері зор қуаныш пен ауыр қайғыны бірге өткізіп, бірлігін жоғалтпауға тырысады. Бүгінгі ұсынатын бейнебаянымызда екі бауыр арасында туған келіспеушіліктен бір әулет басына қара бұлт үйірілетіні көрсетіледі. Қос ұлына қамқор әке қарттық меңзеген шағында осындай жағдайға тап болғанына қатты ызаланады. Осындай сюжетте түсірілген "Әулет" фильмі жуырда  қазақтың көгілдір экранына шығады. Оған Ұшқын Жамалбек пен Олжас Абай соундтрек жасап, бейнебаян түсірген екен. Бірге тамашалайық.