Саламат - Махабатты армандаймын

Қос ғашыққа талай өлең арнап, бақыттысы мен бақытсызын қатар жырлаған Мұқағали Мақатаев есімі махаббаттың асқар биігіне мәңгіге тұрақтады. Оның қай шығармасын алсаңыз да керемет өлең жолдарын кезіктіресіз. Бүгінгі күнде ақиық ақынның біраз өлеңіне ән жазылып, қазақ эстрадасында қалықтап жүр. Өнер жолына енді-енді аяқ басып келе жатқан "Саламат" тобы мұзбалақ ақынның "Сен менің жанарымның ішіндесің" атты өлеңіне жан бітіріп, "Махабатты армандаймын" деп бейнебаян түсірген екен. Ретро стилінде шыққан клип қандай әсер қалдырғанын пікір ретінде қалдырсаңыз болады.